Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда облыстағы аумақтық сайлау комиссияларының қатысуымен кеңес өтті

|
20.10.2025 13:23
Ақтауда облыстағы аумақтық сайлау комиссияларының қатысуымен кеңес өтті

Бүгін Ақтауда ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің қатысуымен облыстық мәслихат депутаттарының сайлауға дайындық жұмыстарын саралау мақсатында кеңес өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Жиынға облыстық, қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссиялары, құқық қорғау және мемлекеттік орган басшылары қатысты. Кездесуде еліміздің 16 облысында өтетін мәслихаттағы бос орындарға сайлаудың дайындығы пысықталды.  


Сайлауға қатысуға 71 мандатқа 273 кандидат ұсынылды. Ал тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін 216 үміткер тіркеуден өтті. Осыдан бір жыл бұрын 1 мандатты орынға 200-ге жуық депутат сайланған еді,- деді Нұрлан Әбдіров. 


Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Әбдіров 2021 жылдың 25 шілдесінен бері 750 ауыл әкімі сайланғаны туралы да айтып өтті. Бүгінде сайланған 2337 ауыл әкімі өз жұмыстарын атқаруда. 


Маңғыстау облысы бойынша 3 бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттар орнына өтетін сайлаудың күнтізбелік жоспары бекітілді. Олар: №10 облыстық, №12 Жаңаөзен қалалық және №7 Бейнеу аудандық сайлау округтері. Аталған 3 аумақтық сайлау округтерінде дауыс беретін сайлаушылар саны – 28 287. Олардың 207-сі – мүгедектігі бар тұлғалар. Бүгінде сайлау учаскелері өз жұмыстарын бастады. Облыста барлығы 257 сайлау учаскесі бар,- деді Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы Мәлік Сейлханұлы. 


Сайлау учаскелері барлық материалдық-техникалық қажеттіліктермен, атап айтқанда, урна, тиісті кабина және қажетті ұйымдастыру техникаларымен жабдықталды. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандарға да арнайы жағдай жасалған. 


Айта кетейік, Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 26 қазан күні өтеді.

64
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!