Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда жұмысшы мамандықтар жылына арналған жастар форумы басталды

|
17.10.2025 09:41
Маңғыстауда жұмысшы мамандықтар жылына арналған жастар форумы басталды

Ақтауда жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Qazaqgaz jastary» форумы басталды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Форумға еліміздің әр өңірінен 70-ке жуық жас қатысып жатыр. Осы жылға дейін аталған форум Астана қаласында өткен. Басты мақсат – кәсіби дағдыларды дамыту, еңбек құндылығын қалыптастыру, жас мамандарды қолдау және компанияның бірыңғай жастар қауымдастығын құру.


– Форум әр өңірден келген үздік жастардың басын біріктіріп, тәжірбие алмасуға мүмкіндік береді. Олардың бір-бірімен танысып, болашақта дамып, өсуіне септігін тигізеді. Біздің компания жастарды қолдайды. Аталған форумды еліміздің әр қалаларында өткізуге тырысамыз, осы жолы Ақтау қаласында өту бұйырып тұр екен, - деді «Qazaqgaz» ұлттық компаниясы АҚ өкілі Әсел Балтабаева. 


Форум соңында ұйымдастырушылар белсенді жастарды марапаттап, алғысын білдірді.

95
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!