Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Құланды «алкогольсіз ауыл» атанды 

|
20.10.2025 10:19
Құланды «алкогольсіз ауыл» атанды   

Қарақия ауданына қарасты Құланды ауылы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қарақия ауданының прокуратурасының бастамасымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Алкогольсіз ауыл» деп танылды, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Аудан прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, ауылда осы күнге дейін бірде-бір қылмыстық құқық бұзушылық тіркелмеді.


Осыған орай, өзара ынтымақтастықты көздейтін меморандум жасалды. Аталған құжат аясында тараптар ауыл аумағында алкоголь өнімдерін сатуға және тұтынуға жол бермеу, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру бойынша бірлескен шараларды жүзеге асыруға келісті.


«Бұл бастама ауылдағы құқықтық тәртіпті сақтау мен тұрмыс деңгейін арттыруға оң ықпал етеді», - дейді заң органының мамандары.

63
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!