Otpan News Logo

«Таза Қазақстан»: Маңғыстау облысында «Таза аула» науқаны ұйымдастырылады

|
17.04.2026 15:45
«Таза Қазақстан»: Маңғыстау облысында «Таза аула» науқаны ұйымдастырылады

18 сәуірде Ақтау қаласында «Таза аула» экологиялық науқаны аясында ауқымды сенбілік өткізіледі, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.


Іс-шара Каспий теңізі жағалауында, 15-шағын аудан «Самал-1» тұрғын алабынан бастап амфитеатр алаңына дейінгі аумақта сағат 09:00-де басталады.


Сенбілік барысында тазалық жұмыстары Каспий теңізі жағалауы мен жағалау бойындағы кәсіпкерлік нысандар, тарихи орындар, саябақтар аумағында жүргізіледі. Сонымен қатар, қала және аудан орталықтары да қамтылады.


Ұйымдастырушылар барлық қала тұрғындарын аталған экологиялық акцияға белсенді қатысуға шақырады.

31
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!