Маңғыстауда Еуропалық иммундау апталығы басталады
Маңғыстау облысында 19–25 сәуір аралығында «Вакциналар әрбір ұрпақ үшін жұмыс істейді» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтеді. Бұл туралы Қоғумдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхтар Сербаев айтты.
Спикердің айтуынша, науқанның мақсаты вакцинацияның адам өмірін сақтаудағы рөлі мен ұрпақтар сабақтастығындағы маңызын кеңінен түсіндіру.
-Иммундау нәтижесінде қызылша, дифтерия, көкжөтел, полиомиелит сияқты қауіпті инфекциялар тежелді, сәби өлімі 40%-ға дейін төмендеді және миллиондаған бала мүгедектіктен сақталды. Бүгінде ғылым дамып, малярия, HPV, менингит, Эбола сияқты ауруларға қарсы жаңа буын вакциналары енгізілуде. Сарапшылар вакцинациядан бас тартудың басты себептерінің бірі жалған ақпараттың таралуы екенін айтады. Тіпті қысқа уақыт ішінде жалған деректермен танысу адамдардың вакцинаға деген сенімін әлсіретуі мүмкін. Сондықтан иммундау апталығы аясында халыққа түсінікті тілде ғылыми ақпарат жеткізу, медицина қызметкерлерінің коммуникациялық дағдыларын күшейту, қоғамның сенімін арттыру басты назарда болады. Облыста жоспарлы вакцинацияның арқасында соңғы 10 жылда оба, дифтерия, қызамық, сіреспе, полиомиелит тіркелмеген, - деді Мұхтар Сербаев.
42
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев