Маңғыстау облысында дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс жүргізді
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 13-17 сәуір күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған кездесу жұмыстарының мақсаты халықтың дін танулық сауаттылығын арттыру жәнедін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 500-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Сапар Айсұлтан Нұрлыбекұлы - Ақтөбе қ. «Ихсан» орталығының теолог маманы, Шопанова Бақытгүл Мақсотқызы - дін істері басқармасының діни экстремизмнің алдын алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы - дінтанушы, сарапшы, Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы – ҚР ҒЖБМ ҒК фСДИ Дінтану орталығы директор орынбасары, дінтану ғ. PhD секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндірутобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Тұрғындар арасында медиа сауаттылықты арттыру», «Теріс діни идеологияға қарсы сыни-ойлау дағдыларын қалыптастыру», «Интернет-кеңістікте діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратудың қауіптілігі», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң және оның талаптарын сақтау», «Ұлттық құндылықтар – ел болашағы (зайырлылық, толеранттылық, бірлік, жауапкершілік, адамгершілік», «Террористік және экстремистік болып табылатын деструктивті іс-әрекеттер және олардың қауіптілігі» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мектеп оқушылары, студент жастар, спортшылар мен жаттықтырушылар, әскери қызметкерлер мен сарбаздар, еңбек ұжымы және т.б. тұрғындар қамтылды.