Otpan News Logo

FlyArystan Ақтаудан Батумиге тікелей рейсті іске қоспақ

|
17.04.2026 11:43
FlyArystan Ақтаудан Батумиге тікелей рейсті іске қоспақ

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтау-Батуми-Ақтау бағыты бойынша жаңа халықаралық рейстің іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Рейстер 2026 жылғы 6 маусымда басталып, 29 тамызға дейін ұшады. Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады.


Ұшу кестесі жолаушылар үшін ыңғайлы ұшу және қону уақыттарын ескере отырып жасалған. FS7729 рейсі Ақтаудан сағат 09:05-те ұшып, Батумиге 09:55-те қонады. Кері бағыттағы FS7730 рейсі Батуми қаласынан 10:55-те ұшып, Ақтауға жергілікті уақытпен 13:40-та жетеді.


Әуебилеттерінің құны бір бағытқа 41 000 теңгеден басталады. Бұған дейін әуекомпания Астанадан Батумиге рейстердің іске қосылатынын хабарлаған еді.

67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!