Otpan News Logo

Маңғыстаулық зияткерлер грэпплингтен Қазақстан чемпионы атанды

|
17.04.2026 09:58
Маңғыстаулық зияткерлер грэпплингтен Қазақстан чемпионы атанды

Тараз қаласында алғаш рет грэпплингтен AIGA нұсқасы бойынша өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты ақтаулық оқушылар үшін олжалы болды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің шәкірттері ел біріншілігінен жеңіспен оралды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Еліміздің барлық өңірлерінен жиналған ең мықты спортшылар арасында Маңғыстау облысының құрама командасы сапында өнер көрсеткен ақтаулық зияткерлер өз шеберліктерін дәлелдеді.


Жарыс нәтижесінде Ақтау қаласындағы НЗМ оқушылары қоржынға екі бірдей жүлде салды. 7-сынып оқушысы Музаффар Батыржан қарсыластарынан басым түсіп, І орынды иеленді. Бір жылдан бері грэпплингпен айналысатын ол бұған дейін таэквондо мен кикбоксингте шыңдалған. Ол бұл жетістігі бапкері Ринат Руслановпен бірлескен қажырлы еңбегінің жемісі екенін айтты. 


Ал 9-сынып оқушысы Абылайхан Демеген жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынға табан тіреді. Грэпплингпен алты ай айналысса да, Абылайхан бапкері Есболат Медеуовтің сенімін ақтап, жүлдегерлер қатарынан көрінді.


“Бұл чемпионат отандық спорт тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болды. Зияткер оқушылардың тек білімде ғана емес, спортта да алдыңғы қатарда болуы – жан-жақты дамудың жарқын үлгісі. Маңғыстаулық өрендердің бұл табысы – облыс құрамасы үшін де, білім ордасы үшін де үлкен мақтаныш. Жаңа биіктерді бағындырған жас спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз”,- деді НЗМ баспасөз қызметі.
43
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!