Otpan News Logo

Ақтауда мас күйінде бұзақылық жасаған 18 жастағы тұрғынға айыппұл салынды

Ақтауда мас күйінде бұзақылық жасаған 18 жастағы тұрғынға айыппұл салынды
Ашық дереккөзден

Ақтау қаласында жас жігіт мас күйде көңіл көтеру орындарының сыртқы қабырғасындағы кафельді сындырған. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Оқиға 16 сәуір күні Ақтау қаласының 12 шағынауданында орналасқан мекемелердің бірінің алдында болған. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода жігіттің қабырғаға жақындап келіп, оны ұрып жатқаны көрінеді. Тіпті, бұзақыны сабырға шақырмақ болған адам да соққының астында қалған.


«2026 жылдың 16 сәуірінде сағат 01:16 шамасында Ақтау қаласы, 12 шағынаудандағы «Terra Restobar» мекемесінің алдында алкогольдік ішімдік ішкен 18 жастағы жігіт анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдық шығын келтірілген жағдайда, нысан иелеріне оны өндіріп алу үшін азаматтық тәртіппен сотқа жүгіну ұсынылады», - деп хабарлады Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
45
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!