Шетпеде әжелер арасында бесік жырын айтудан сайыс өтті
Маңғыстау ауданында дәстүрді дәріптеуге арналған «Бесік жыры – ұлт рухы» атты әжелер арасында аудандық байқау өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Маңғыстау ауданы әкімдігінің хабарлауынша, байқаудың басты мақсаты – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан бесік жырының мәнін насихаттау, ұлттық тәрбиені дәріптеу және әжелер өнегесін кейінгі буынға үлгі ету.
Байқауға 55 жастан асқан 7 әже қатысып, қазақтың дәстүрлі бесік жырларын нақышына келтіре орындады. Қатысушылар сахнада тек ән айтып қана қоймай, бесік жырының тәрбиелік мәнін, ұлттық болмысты, салт-дәстүрді дәріптеп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Өнері мен сахналық шеберлігі жоғары бағаланған әжелер үздіктер қатарынан көрінді.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Сайөтес ауылының 70 жастағы тұрғыны Қойсын Рашаеваға бұйырды. I орынды Жармыш ауылының тұрғыны Қаракөз Темірбекова, II орынды Ұштаған ауылының әжесі Ақайнаш Жұмабаева, III орынды Жыңғылды ауылынан Бибігүл Медиханова мен Қызан ауылынан Светлана Кенжебаева иеленді. «Күміс көмей әже» номинациясы Шебір ауылынан Самиға Кожековаға, «Ұлттық нақыш» аталымы Тұщықұдықтан Нұржамал Кенесариеваға берілді.