Ақтау қаласында заңсыз орнатылған 4 күш өлшегіш құрылғысы тәркіленді
Ақтауда қолданыстағы талаптарға сәйкес келмейтін және рұқсатсыз орнатылған 4 күш өлшегіш (силомер) құрылғы анықталды. Аталған құрылғылар тиісті рұқсат құжаттарынсыз орналастырылғандықтан, заңсыз нысандар ретінде тәркіленіп, айыппұл тұрағына жеткізілді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сай, рұқсатсыз сауда жүргізу немесе заңсыз құрылғылар орнату фактілері анықталған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны еске салынады.
“Мұндай заңсыз әрекеттердің алдын алу және қала аумағында заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл шаралар қала аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, кәсіпкерлік қызметтің заң талаптарына сай жүргізілуін қамтамасыз ету және тұрғындар қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып келеді”,- деді әкімдік өкілдері.
Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қала тұрғындары мен кәсіпкерлерді қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Кәсіпкерлік қызметті тек белгіленген тәртіппен, тиісті рұқсат құжаттары негізінде жүзеге асыру қажеттігі ескертіледі.