Otpan News Logo

Маңғыстаулық стоматологтар референдумға барады

|
06.03.2026 14:59
Маңғыстаулық стоматологтар референдумға барады

Маңғыстау облыстық стоматология ұжымына Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында кездесу өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.


Жиынның негізгі мақсаты – қоғам өкілдеріне жаңа Конституцияданың негізгі бағыттарын жан-жақты жеткізу, олардың құқықтық, әлеуметтік және саяси салаларға әсерін түсіндіру, сондай-ақ референдумның ел дамуы мен азаматтардың өмір сапасына қосатын маңыздылығын кеңінен түсіндіру болды.


Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталықтың бас дәрігері Қуат Машырықов жаңа Конституцияны қолдайтынын айтты.


- Біз де ұжым болып бұл іске белсенді түрде атсалысамыз. Еліміздің болашағы, балаларымыздың жарқын келешегі үшін әр азамат референдумға қатысып, өз дауысын беруі керек деп есептеймін. Жаңа Конституцияны қабылдау – ел дамуы мен азаматтық құқықтарды қамтамасыз етудің маңызды қадамы. Бұл – еліміздің дамуы мен болашағы үшін маңызды қадам, - деді Қуат Машырықов.


Түсіндіру жұмыстарын коалиция мүшелері жүргізді. Кездесу барысында ұжымға жаңа Конституцияның әлеуметтік, экономикалық және құқықтық салаларға ықпалы туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, енгізілетін жаңашылдықтардың елдің демократиялық дамуына және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қосатын үлесі атап өтілді.

174
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!