Маңғыстаудағы ауыр өндіріс өкілдері референдумға барады
Өңірлік коалиция өкілдерінің кездесуі «КАСКОР-ТРАНССЕРВИС» АҚ ұжымында жалғасты. Ұжым жұмысшыларына жаңа Конституциядағы еңбек адамына қатысты кепілдіктер айтылып, адам құқығы мен бостандығы, мемлекеттің негізгі басым бағыттары туралы ақпарат берілді.
Жаңа Конституция жобасында адам құқығын қорғау және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру мемлекеттің міндеті екені нақтыланған. Еңбек ұжымындағы әрбір азаматтың құқығын заңмен қорғау көзделген.
Коалиция мүшелері Ата заңның жаңа жобасында еңбек адамының мәртебесін арттыруға басымдық берілгенін жеткізді.
Коалиция өкілдері әлеуметтік мемлекет қағидатының нақты нормалармен бекітілуі жаңа Конституцияның негізгі ерекшелігі екенін атап өтті.