Otpan News Logo

Астанада барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр

|
12.03.2026 13:15
Астанада барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр
Ақорда

Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz Ақордаға сілтеме жасап. 


«Шын мәнінде, бұл басқосудың еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Бүгінгі форумға барлық аймақтан жергілікті билік өкілдері арнайы келді. Қазір осы залда миллиондаған отандасымыздың мүддесін қорғап жүрген екі мыңға жуық депутат отыр. Сіздер халықпен тығыз жұмыс істеп жүрсіздер. Жұрттың мұң-мұқтажын, талап-тілегін жақсы білесіздер. Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Сіздер атқарып жатқан жұмысты ұдайы басты назарда ұстаймын», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында.
16
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!