Otpan News Logo

Маңғыстауда полиция департаменті "Көлік ханымы – 2026" байқауын ұйымдастырды

|
12.03.2026 09:15
Маңғыстауда полиция департаменті "Көлік ханымы – 2026" байқауын ұйымдастырды

Маңғыстау облысы полиция департаментінде "Көлік ханымы – 2026" байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Polisia.kz-тің жазуынша, іс-шараның басты мақсаты – әйел жүргізушілердің арасында көлік жүргізу мәдениетін арттыру, жол жүру ережелерін білу деңгейін тексеру және практикалық дағдыларын шыңдау. Сонымен қатар байқау қатысушылардың жолдағы жауапкершілігін, кеңістікте дұрыс бағдарлау қабілетін дамытуға бағытталды.


Сайысқа қатысушылар өз кезектерін жеребе арқылы анықтап, бірнеше кезеңнен тұратын кедергілер жолағынан өтті. Олар айналмалы қозғалысты орындап, автокөлікті сол жақ қырымен және артқы жүріспен тұраққа қою, сондай-ақ ирек жолдан жылдам әрі дәл өту сияқты тапсырмалар бойынша бақ сынасты.


Байқауға қатысқан әйелдердің автокөлік басқаруда бірнеше жылдық тәжірибесі бар. Соның бірі – Самал Таңатарова. Ол жүргізуші куәлігін алғаш рет балаларын балабақшаға апару қажеттілігіне байланысты алған. Бүгінде оның көлік айдап жүргеніне 18 жыл болды. Сайыста Самал Таңатарова автокөлікті дұрыс басқарып, барлық кезеңді 2 минут 47 секунд ішінде орындап, бірінші орынды иеленді. Қалған қатысушылар да жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.

22
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!