Азаматтық жауапкершілік – ел болашағының кепілі
Ф.Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназиясының оқытушысы Аида Каджанова ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерде әр азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, қоғамның дамуы мен мемлекеттің болашағы әрбір адамның саналы таңдауы мен азаматтық ұстанымына тікелей байланысты.
Ұстаздың пікірінше, ел өміріндегі маңызды шешімдер қабылданатын кезеңде халықтың бейжай қалмай, өз көзқарасын білдіруі – нағыз азаматтық парыз. Себебі мемлекет тағдырына қатысты әрбір қадам болашақ ұрпақтың өміріне де ықпал етеді.
Сондықтан Аида Каджанова әрбір қазақстандықты ел болашағына жауапкершілікпен қарап, қоғамдық-саяси үдерістерге саналы түрде қатысуға шақырады. Оның пікірінше, бірлік пен жауапкершілік бар жерде ғана мемлекет дамып, қоғам алға қадам басады.