Ақтауда Republic Day акциясы өтуде
25 қазан — Республика күніне орай ішкі нарықты қолдау және тұрғындар үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыру мақсатында еліміз бойынша ауқымды Republic Day акциясы өткізілуде, деп хабарлайды otpannews.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.
24–27 қазан аралығын қамтитын акцияға республика бойынша 220-ға жуық сауда желілері, супермаркеттер мен сауда орталықтары қатысуда. Акция аясында тұрмыстық және күнделікті тұтынуға қажетті тауарлар 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдікпен ұсынылуда.
— Ақтау қаласындағы аталған іс-шараға ірі сауда кешендері — Saya Park, Ақтау, Маңғыстау, Ak kala Mall, Бәйтерек және Астана сауда орталықтары қатысуда, - деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Дінмұхаммед Комеков.
Акция тұрғындар тарапынан жоғары сұранысқа ие тауарларды қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік беріп отыр.
55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев