Otpan News Logo

Пробация талаптарын бұзған сотталушы түрмеге қамалды

Пробация талаптарын бұзған сотталушы түрмеге қамалды

Маңғыстау аудандық соты пробациялық бақылауда болған сотталған Д.-ның жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды, деп хабарлайды otpannews.kz Маңғыстау аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Д.-ға 2025 жылдың 28 мамырында 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген. Алайда ол сот жүктеген міндеттерді орындамай, бірнеше рет тәртіп бұзған.


Сот материалдарына сәйкес, сотталған азамат қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қолсұғатын құқық бұзушылықтарды қайталап жасаған. Сонымен қатар бас бостандығын шектеу жазасын өтеу тәртібі мен шарттарын сақтамаған.


Осыған байланысты пробациялық бақылау қызметі сотқа жазаны қатаңдатуды ұсынған. Маңғыстау аудандық сотының 2026 жылдың 26 қаңтардағы қаулысымен бұл ұсыныс қанағаттандырылған.


Нәтижесінде сотталған Д.-ның өтелмей қалған 1 жыл 4 ай 27 күн жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Жазаны өтеу орны ретінде қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесі белгіленді.


Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

148
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!