Otpan News Logo

Маңғыстаулық екі дзюдошы Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия ашық кубогында жүлделі болды

|
18.10.2026 21:28
Маңғыстаулық екі дзюдошы Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия ашық кубогында жүлделі болды

OTPANNEWS.KZ. - Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде 17-18 қазан күндері Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өткен Азия ашық кубогы мәресіне жетті.

 

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енгізілген рейтингтік турнирде Азия мен Еуропаның жеті мемлекетінен екі жүзге жуық татами шеберлері бақ сынады. Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Черногория, Ресей және Өзбекстан спортшылары 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.

 

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 7 алтын, 6 күміс және 13 қола медаль жеңіп, жалпы есепте үздік нәтиже көрсетті. Өзбекстан еншісінде 5 алтын, 2 күміс және 6 қола медаль бар. Әзірбайжан спортшылары 1 алтын, 5 күміс және 8 қола медаль иеленді. Беларусь құрамасы 1 алтын және 1 қола медаль жеңіп алса, Ресей спортшылары 1 күміс медальмен турнирді қорытындылады.

 

Аталған сында Маңғыстаулық екі спортшы ұлттық құрама сапында жүлдегер атанды. 81 келіге дейінгі салмақта Азат Күмісбай қарсыластарынан басым түсіп алтын медаль иеленсе, +78 келіде өнер көрсеткен Гүлдана Теңелбаева қола жүлдеге қол жеткізді.

 

Сондай-ақ, жарыстың екінші күнінде Рио олипиадасының күміс жүлдегері әзірбайжандық Эльмар Гасымов Ақтау татамиінде белдесті. Ол 100 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегері атанды.

 

Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері әлемдік рейтингте алтын медаль үшін 100, күміс медаль үшін 70, ал қола медаль үшін 50 ұпайға ие болады.

 

Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан Азия ашық кубогының екінші жарыс күнінде жеңіс тұғырына көтерілген спортшылар:

 

Ерлер

- 81 кг

1. Азат Күмісбай (Қазақстан)

2. Бекасыл Бейсембаев (Қазақстан)

3. Досхан Жолжақсынов (Қазақстан)

3. Ерзат Арғынов (Қазақстан)

- 90 кг

1. Ермахан Ануарбеков (Қазақстан)

2. Рамазон Аллабердиев (Өзбекстан)

3. Азизбек Авазмурадов (Өзбекстан)

3. Султонбек Абдушукуров (Өзбекстан)

- 100 кг

1. Миржалол Нормуминов (Өзбекстан)2. Мұхаммед-Али Матаев (Ресей)

3. Жанполад Алиев (Әзірбайжан)

3. Эльмар Гасымов (Әзірбайжан)

+ 100 кг

1. Мұхаммадали Тангриев (Өзбекстан)

2. Мейіржан Әбдімәліков (Қазақстан)

3. Субхан Ахундов (Әзірбайжан)

4. Санжар Жабборов (Қазақстан)

Әйелдер

- 70 кг

1. Судаба Агаева (Әзірбайжан)

2. Мөлдір Нарынова (Қазақстан)3. Фарангиз Ходжиева (Өзбекстан)

3. Алина Кугаева (Әзірбайжан)

- 78 кг

1. Дарья Концевая (Беларусь)

2. Шынар Ибраева (Өзбекстан)3. Салтанат Ахметова (Қазақстан)

3. Шынар Абатова (Қазақстан)

+ 78 кг

1.Назгүл Маратова (Қазақстан)

2. Мадина Каисинова (Әзірбайжан)

3. Айдана Ғазизқызы (Қазақстан)

3. Гүлдана Тенгелбаева (Қазақстан)

 

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!