Otpan News Logo

Жаңа Конституция – ел дамуының берік негізі

|
19.10.2026 09:40
Жаңа Конституция – ел дамуының берік негізі

Жаңа Конституция – еліміздің болашағын айқындайтын, қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға негіз болатын маңызды құжат. Конституциялық өзгерістер мемлекеттің дамуына жаңа серпін беріп, әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін арттырады деп сенемін.


Теміржол саласы – ел экономикасының маңызды тіректерінің бірі. Бұл салада еңбек ететін әрбір маман үшін тұрақтылық, тәртіп, жауапкершілік және ортақ мақсатқа жұмылу аса маңызды. Сондықтан мемлекетіміздің дамуына, заң үстемдігінің нығаюына және халықтың әл-ауқатының артуына бағытталған бастамалардың маңызы зор.


Жаңа Конституция ел бірлігін нығайтып, әділетті қоғам қалыптастыруға және келешек ұрпаққа жарқын болашақ қалдыруға негіз болады деп үміттенемін. Еліміздің өркендеуі әрқайсымыздың адал еңбегіміз бен азаматтық жауапкершілігімізге байланысты.


Нұржан Джубанисов,

«Вагонсервис» АҚ Жолаушылар

вагондарын жөндеу жөніндегі

Батыс аймақтық филиалы

Маңғыстау телімінің басшысы

42
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!