Otpan News Logo

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейді

|
19.10.2026 09:20
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейді

Біз ұдайы ұлт құндылығы, ана тілімізді ардақтау және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында түрлі қоғамдық шаралар ұйымдастырып келеміз. Кез келген қоғамның өсіп-өркендеуі үшін рухани тұтастық пен мықты құқықтық негіз ауадай қажет. 


Жаңа Конституция - ең алдымен халықтың игілігіне бағытталған, мемлекеттілігімізді нығайтып, ұлттық сананы жаңғыртатын басты заңды тірегіміз. Бұл құжатта мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тарихи-мәдени мұрамызды қорғау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жаңашыл нормаларға ерекше мән берілген. Өйткені өз тілі мен салт-дәстүрін қадірлейтін халықтың ғана болашағы жарқын болары анық. Онда әрбір азаматтың құқығымен қатар, ұлттық сана мен ортақ мүдде алдындағы жауапкершілігі де айқын көрініс тапқан.


Толқын Кусаинова,

«Parasat Aktau» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

57
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!