Маңғыстаулық жас шахматшы Азия чемпионатында қола медаль иеленді
OTPANNEWS.KZ – 2-10 қазан аралығында Ресейдің Тула қаласында U7–U17 жас санаттары арасында шахматтан XX Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 12 елден 300-ден астам жас шахматшы қатысты.
Қазақстан намысын қорғаған Ақниет Күмісбай G11 жас санатындағы блиц турнирінде III орын алып, қола медаль иеленді. Жас спортшының жеке жаттықтырушысы – А. Биманов, аға жаттықтырушысы – Ю. Каланадарова.
Айта кетейік, чемпионатқа Азия елдерінен жас шахматшылар қатысып, шахматтың бірнеше бағытында өзара мықтыны анықтады.
70
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев