Жаңа Конституция – цифрлық болашаққа бастар жол
Жаңа Конституция – еліміздің болашақ даму бағытын айқындайтын маңызды құжат. Заман өзгеріп, технология қарқынды дамыған сайын қоғамның да жаңа талаптарға бейімделуі қажет. Бұл ретте азаматтардың құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әр адамға тең мүмкіндік беру ерекше маңызға ие.
IT саласының маманы ретінде цифрландыру мен инновацияның ел дамуына ықпалын жақсы түсінемін. Бүгінде технология адам өмірінің барлық саласына еніп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Сондықтан заманауи талаптарға сай дамып, білім мен технологияны тиімді пайдалану – уақыт талабы. Ал мұның негізінде ашықтық, жауапкершілік және адам құқығын құрметтеу қағидаттары тұруы керек.
Жаңа Конституция еліміздің дамуына серпін беріп, жастардың әлеуетін ашуға, жаңа идеялардың жүзеге асуына және әділетті қоғам қалыптастыруға ықпал етеді деп сенемін. Қазақстанның жарқын болашағы – білімді, белсенді әрі ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтардың қолында.
Айдана Батыхова,
IT маманы