Otpan News Logo

Маңғыстауда ертең жаппай ескерту жүйесі тексеріледі

|
13.10.2026 11:28
Маңғыстауда ертең жаппай ескерту жүйесі тексеріледі

OTPANNEWS.KZ. - 14 қазан күні сағат 10:00-де Маңғыстау облысында Mass Alert жаппай құлақтандыру жүйесіне тестілік тексеру жүргізіледі.


Жүйе өңірдегі халықты төтенше жағдайлар туралы жедел хабардар ету және құлақтандыру жүйесін жетілдіру мақсатында орнатылды.


Mass Alert - Cell Broadcast технологиясы арқылы белгілі бір аумақта орналасқан мобильді құрылғыларға жаппай ескерту хабарламаларын жіберуге арналған жүйе.


Төтенше жағдайлар департаменті осыған байланысты тұрғындардан тестілік тексеріс кезінде сабыр сақтап, түсіністік танытуды сұрайды.

124
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!