Otpan News Logo

Ақтауда еркін күрестен Ысқақ Жолмырзаев турнирі өтіп жатыр

|
18.10.2026 11:48
Ақтауда еркін күрестен Ысқақ Жолмырзаев турнирі өтіп жатыр

OTPANNEWS.KZ. - Мұнайлы ауданында еркін күрестің негізін қалаушылардың бірі, спорт ардагері әрі білікті жаттықтырушы Ысқақ Жолмырзаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен IV республикалық турнир басталды.

 

Жарысқа 2012-2013 және 2014-2015 жылдары туған жас балуандар қатысып жатыр. Республикалық додаға еліміздің Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Жамбыл және Маңғыстау облыстарынан, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан 400-ге жуық спортшы жиналды.

 

Турнирдің негізгі мақсаты – Ысқақ Жолмырзаевтың есімін ұлықтау, оның отандық спорттың дамуына қосқан үлесін насихаттау және жас ұрпаққа өнеге етуге бағытталған. Сонымен қатар жас балуандардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, еркін күрестің дамуына ықпал ету көзделген.

 

Жарыс «Жаңаөзен мұнайшыларының жергілікті кәсіподағы» мен Маңғыстау облысының «Грек-рим, еркін және әйелдер күресі» федерациясының ұйымдастыруымен өтуде.

 

Турнир барысында жас спортшылар өзара бақ сынап, күрес шеберлігі мен физикалық дайындығын көрсетуде. Мұндай жарыстар балуандардың тәжірибе жинақтауына, өзара шеберлік алмасуына және республикалық деңгейде өз мүмкіндіктерін сынауына жол ашады.

 

Ысқақ Жолмырзаевты еске алуға арналған дәстүрлі турнир жас спортшылардың кәсіби тұрғыда шыңдалуына мүмкіндік беріп, өңірде еркін күрес спортының дамуына және келешек чемпиондарды тәрбиелеуге үлес қосып келеді.

51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!