Otpan News Logo

Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі

|
18.10.2026 10:25
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
сурет: Алматы қаласы әкімдігінен

Жаңа Конституция – еліміздің даму бағытын айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайтуға негіз болатын маңызды құжат. Конституциялық өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілікті арттырып, елдің болашағына деген сенімді нығайтады деп ойлаймын.


Авиация саласында қауіпсіздік, жоғары жауапкершілік және кәсібилік басты орында тұрады. Әрбір шешімнің нақты талаптар мен заңдылықтарға сай қабылдануы аса маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқығын қорғау және мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыру еліміздің барлық саласының дамуына оң ықпал етеді.


Менің ойымша, елдің тұрақты дамуы әр азаматтың ортақ іске қосқан үлесіне байланысты. Сондықтан жаңа Конституцияда көзделген өзгерістер ел бірлігін нығайтып, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақстанның болашағын жарқын етуге қызмет етеді деп сенемін.


Сұлтанбек Орыспай,

авиамеханик

44
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!