Otpan News Logo

Қарақия тұрғыны түйе сүтінен ірімшік жасаудың жаңа технологиясын ойлап тапты

|
19.10.2026 10:35
Қарақия тұрғыны түйе сүтінен ірімшік жасаудың жаңа технологиясын ойлап тапты

МАҢҒЫСТАУ. OTPANNEWS.KZ – Қарақия тұрғыны Айжан Қапашева түйе сүтінің ерекшеліктерін ескеріп, ірімшік жасап шықты. Ол қолданыстағы тағамдарды түрлендіріп, жаңа әдіс арқылы өнім жасауды әдетіне айналдырған. 


Айжан Қапашева Қарақия кәсіптік колледжінің өндірістік оқыту шебері қызметін атқарады. Оның айтуынша, ірімшік жасау үшін түйе сүті, тағамдық ұйытқы, ірімшік жасауға арналған фермент пен ас тұзы қолданылады. 


«Дайын ірімшік жұмсақ құрылымымен және өзіндік дәмімен ерекшеленеді. Ал түйе сүтінің құрамындағы ақуыздар мен минералды заттар өнімнің тағамдық құндылығын қалыптастырады»,- дейді жоба авторы. 


Айжанның айтуынша, ірімшік жасаудың жаңа технологиясының практикалық маңызы да зор. Жоба жергілікті сүт шикізатын өңдеуге, жаңа өнім түрлерін әзірлеуге және ұлттық тағамдарды заманауи сұранысқа бейімдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тағам өндірісі мамандығында білім алушылардың зерттеушілік, технологиялық және кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға көмектеседі.


«Жергілікті табиғи шикізатты тиімді пайдалану арқылы ұлттық сүт өнімдерінің ассортиментін кеңейткім келді. Сондай-ақ бұл қадам дәстүрлі тағам өндірісіне инновациялық тәсілдерді енгізуге септігін тигізді. Мен түйе сүтінің ерекшеліктеріне аса мән бердім»,- деді Айжан Қапашева.
68
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!