Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады
OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданында халықпен есептік кездесуден кейін жергілікті тұрғындардың өтініштерін тыңдады.
Қабылдау кезінде тұрғындар жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау, баспана, медициналық қызмет, ауыз су және жол инфрақұрылымына қатысты мәселелерді көтерді.
Облыс әкімі әрбір өтінішті қарап, жауапты мемлекеттік органдар мен аудан әкімдігіне тиісті тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды және тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.
31
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев