Otpan News Logo

Ақтаудан Дубайға тікелей әуе рейсі қайта жанданады

|
07.11.2026 09:50
Ақтаудан Дубайға тікелей әуе рейсі қайта жанданады

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысының тұрғындары енді Ақтаудан Дубайға тікелей қатынай алады. FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша тұрақты рейстерді қайта іске қосады. Алғашқы рейс 21 қарашаға жоспарланған.


Ұшу кестесіне сәйкес, сейсенбі күндері әуе кемесі Ақтаудан сағат 05:15-те ұшып, Дубайға 09:50-де қонады. Кері рейс 10:55-те орындалып, Ақтауға 17:25-те жетеді. 


Ал сенбі күндері Ақтаудан ұшу уақыты – 07:20, Дубайға қону – 11:55. Дубайдан кері рейс 13:00-де ұшып, Ақтауға 19:30-да келеді. Барлық уақыт жергілікті уақытпен көрсетілген.


Айта кетейік, Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне 30 күнге дейін визасыз бара алады. Бұл ретте паспорттың жарамдылық мерзімі кемінде алты ай болуы қажет.

3
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!