«Отбасы банк» қызметкерлері референдумда дауыс береді
Облыстық Коалиция өкілдері Отбасы банк ұжымымен кездесіп, жаңа Конституциясындағы негізгі қағидаларды түсіндірді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Жиында Ата заңымызға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың маңызы, олардың қоғам өміріне әсері жан-жақты талқыланды. Коалиция мүшелері жаңа Ата заң басқару жүйесін жетілдіріп, заңды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Референдум - әр азамат өз таңдауын білдіретін маңызды саяси науқан. Банк қызметкерлері 15 наурыз күні өтетін референдумда дауыс беретінін айтты.
«15 наурыз күні болатын референдумға барлық құрдастарымды, әріптестерімді дауыс беруге шақырамын. Өзім де міндетті түрде барамын. Коалиция мүшелері ата заңымызға енген өзгерістерді толық түсіндіріп өтті. Референдум болатын күн барлығымыз үшін маңызды. Себебі Жаңа Конституцияға енген өзгерістер ел болашағының жарқын болуының негізі кепілі»,-деді банктің қаржы кеңесшісі Мадияр Нағимуллин.
252
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев