Otpan News Logo

Оқушылар әскери теңізшілердің қызметімен танысты

Оқушылар әскери теңізшілердің қызметімен танысты

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ақтау теңіз портында «Ашық есік» күні өтті. Оқушылар әскери қызметпен, жұмыс тәртібімен етене танысты, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Оқушылар әскери бөлім аумағына келіп, бірден теңіз қызметінің атмосферасын сезінді. Оларға әскери кемелер көрсетіліп, оның құрылымы мен міндеттері туралы айтылды. Сондай-ақ теңізшілердің жұмыс күні қалай өтетіні демонстрацияланды.

 

"Шара аясында оқушыларға кемелердің ішкі құрылымын, әскери техниканы таныстырдық. Сонымен қатар әскери қызметкерлердің күнделікті тамақтану рационының ерекшеліктерін көрсеттік. Мұндай кездесулер жастарға патриоттық сезімді сіңіруге көмектеседі",- деді байланыс және радиотехникалық қызмет бөлімінің командирі Алмас Байбоз.

 

Кеменің ішкі құрылымымен танысу барысында оқушылар ерекше қызығушылық танытты. Олар каюталар мен дәліздер, техникалық бөлмелерді көрді. Сондай-ақ әскери қызметкерлердің қай жерде демалатыны, тамақтануы қалай ұйымдастырылғаны көрсетілді. Педагогтардың айтуынша, мұндай кездесулер тек дүниетанымды кеңейтіп қана қоймай, әскери мамандыққа деген құрметті қалыптастырады.

 

"Оқушылармен бірге Ақтау теңіз портында болдық. Балалар үшін шынымен қызықты бағдарлама дайындалған. Олар әскери бөлімді ішінен көріп, кемелерде болып, қызмет ету жағдайымен танысып, жалпы әскери бөлімнің атмосферасын сезіне алды. Мұндай кездесулер жарқын әсер қалдырады. Осы мүмкіндікті сыйлаған ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыс айтамыз. Барлық ер азаматтарды келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, әрбір қазақстандыққа бейбітшілік, тұрақтылық пен амандық тілейміз", - деді «Таным» мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алина Төлегенова.



66
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!