Манғыстауда биыл өңдеу өнеркәсібінде құны 21 млрд теңге болатын 9 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған
2025 жылы бұл салада жалпы сомасы 66 млрд теңгеге 9 инвестициялық жоба іске асырылып, 440 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды. 2026 жылы құны 21 млрд теңге болатын тағы 9 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл 431 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Өңірде сондай-ақ «KazAzot Prime» компаниясының аммиак-карбамид кешенін салу бойынша ірі жобасы іске асырылуда. Жобаның құны 1,5 млрд АҚШ долларын (810 млрд теңге), ал қуаттылығы жылына 1,7 млн тонна химиялық өнімді құрайды. Құрылыс кезеңінде шамамен 1500 жұмыс орны, пайдалануға берілгеннен кейін 700 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Жоба аясында Ақтау қаласында «ҚазАзот» зауытының жанынан 242 гектар жер учаскесі бөлінді. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау жұмыстары жүргізілуде, оны аяқтау 2026 жылдың III тоқсанына жоспарланған. Сондай-ақ инвестициялық келісімшарт жасасу процесі жүріп жатыр (жоспарланған мерзімі – 2026 жылдың I тоқсаны). Құрылыс жұмыстарының басталуы 2026 жылдың III тоқсанына, жобаның толық аяқталуы 2029 жылдың I тоқсанына белгіленген.