Otpan News Logo

Маңғыстау облысында өткен жылдан бері 14 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Маңғыстау облысында өткен жылдан бері 14 жаңа мектеп пайдалануға берілді
ашық дереккөзден

Білім саласында «Келешек мектептері», «Ауыл - Ел бесігі» жобалары аясында, сондай-ақ демеушілік қаражат есебінен Маңғыстау облысында 14 мектеп салынып, пайдалануға берілді (оның 13-і «Келешек мектептері» жобасы аясында, біреуі демеушілер есебінен). Сонымен қатар, 2 мектепке қосымша ғимарат салынды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Нәтижесінде үш ауысымда оқыту мәселесін айтарлықтай төмендетуге қол жеткізілді. Олардың саны 10 мектептен 3 мектепке дейін қысқарды. Қазіргі таңда қалған үш мектеп үш ауысымда жұмыс істеп тұр, онда 698 оқушы білім алуда.


Болжам бойынша, 2030 жылға қарай оқушылар саны 194 мыңнан 218 мыңға дейін артады. Осыған байланысты 9400 орындық 8 мектеп салу қажеттілігі туындап отыр. Бұл үшін шамамен 60 млрд теңге қажет.


Қазіргі таңда облыста 216 мектеп пен 450 балабақша жұмыс істейді. Оның ішінде 20 мектеп пен 10 балабақша күрделі жөндеуді қажет етеді (жалпы қажеттілік – шамамен 38,6 млрд теңге). Қазіргі уақытта 9 мектеп пен 1 балабақша бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді (14,7 млрд теңге сомасына).


Сонымен қатар, өткен жылы 3344 орындық 45 жеке балабақша ашылып, жұмыс істеп тұрған 16 балабақша 558 орынға кеңейтілді. Биылғы жылы 2300 орындық балабақшалар ашу жоспарлануда. Жыл басынан бері 1321 орындық 9 жеке балабақша пайдалануға берілді.


Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша 9731 түлек мектеп бітірді. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бірнеше позицияға жақсарды. Мемлекеттік грант иегерлерінің саны 9%-ға артып, 3362-ден 3549-ға жетті.


Өткен жылы өңірде мектеп ұжымдарын ынталандыруға бағытталған «Табысты мектеп» байқауы алғаш рет өткізілді. Оның қорытындысы бойынша 1, 2 және 3-орындарды иеленген мектептер барлық қызметкерлер үшін қосымша ақшалай сыйақы алды.

Астанада өткен пәндік олимпиадада өңір оқушылары жоғары нәтиже көрсетті:

  • Жаратылыстану-математика бағыты бойынша: 38 оқушы командалық бас жүлдені (Гран-при) иеленді;
  • Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша: 28 қатысушы командалық 1-орынға ие болды.


Жаңаөзен қаласында 350 орындық заманауи Оқушылар сарайы ашылды.


Сонымен қатар, балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың, буллинг пен суицидтің алдын алу - ең өзекті міндеттердің бірі болып қала береді. Ағымдағы жылдың наурыз айында облыста Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мамандандырылған басқарма құрылды (6 штаттық бірлік: 3 мемлекеттік қызметші және 3 әдіскер). Бұл - өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін жедел шешуге бағытталған маңызды институционалдық қадам.


Мәселелерді ашық талқылау, оларды ерте анықтау және жүйелі жұмыс тәуекелдерді азайтуға және қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді деп күтілуде.


62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!