Otpan News Logo

Мұнайлыда Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті

|
06.05.2026 22:17
Мұнайлыда Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті

Мұнайлы ауданының әкімі Қанат Құлжановтың қатысуымен Фариза Оңғарсынова атындағы орталық мәдениет үйінде «Біз – Отанның ұланымыз!» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Берік Біләлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Чапай Әбілов, ауыл және ауылдық округі әкімдері мен ардагерлері және аудан тұрғындары қатысты.


Іс-шарада аудан әкімі Қанат Құлжанов құттықтау сөз сөйледі. 


- Отан – әр адамның жүрегіндегі ең қасиетті ұғым. Ол туған жердің топырағы, ата-бабаның аманаты, болашақтың сенімі. Ал Отан қорғау – бұл тек міндет емес, бұл – ерлікке бастар жол, намыс пен жауапкершіліктің биігі. Отан қорғаушылар күні – ел тәуелсіздігі мен тыныштығын күзеткен азаматтардың еңбегі айрықша бағаланатын мерейлі күн, - деді аудан әкімі.


Іс-шарада аудан әкімінің алғыс хатымен осы салада қызмет етіп келе жатқан арнайы құзырлы органдардың қызметкерлері марапатталды.


Іс-шарада аудан өнерпаздарымен қатар, ауған соғысының ардагері Қайырғали Серік, Шекара қызметінің запастағы бірінші сатылы старшинасы Оксана Утенова және 754 – Әскери бөлімінің сержанты Лунара Маратқызы мен кіші сержанты Гүлсім Шапағатова өз өнерлерін көрсетті.

57
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!