Otpan News Logo

Маңғыстауда әйелдерге арналған тегін робототехника курсы өтеді

Маңғыстауда әйелдерге арналған тегін робототехника курсы өтеді
Ашық дереккөзден

Егер робототехника мен жасанды интеллектіні меңгеріп, заманауи мамандық иесі болғыңыз келсе, «STEM Hanym» жобасы Маңғыстау облысында тегін оқыту курстарын бастайды, деп хабарлайды otpannews.kz.


STEM Hanym жобасы кімдерге арналған?

* Ұстаздар мен студенттерге: білім берудің жаңа деңгейіне көтеріліп, технология тілін меңгеріңіз;

* Ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға: технологиялық машықтарды меңгеріп, балаңыздың болашағына жол ашыңыз;

* Ерекше қажеттілігі бар әйелдерге: сүйікті ісіңізді тауып, STEM саласының кәсіби маманы атаныңыз.


Жоба сізге не береді?

1. Пайдалы онлайн оқыту: LEGO Education негіздері мен танымал спикерлердің шеберлік сабақтары.

2. Офлайн интенсив: робототехника, 3D-модельдеу және жасанды интеллект бойынша 30 сағаттық тереңдетілген практика.

3. Дамушы орта: білім мен инновацияға құштар әйелдер қауымдастығы және тәжірибе алмасу алаңы.

4. Сыйлықтар мен сертификаттар: белсенді қатысушыларға арнайы марапаттар мен кәсіби деңгейін растайтын сертификат беріледі.


Демеушілер: Жоба «Самырұқ-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының және «ExxonMobil» компаниясының қаржылай қолдауымен жүзеге асып жатыр.


Ұйымдастырушы: USTEM Foundation қоғамдық қоры 


Қысқаша күнтізбе:

* Өтінім қабылдау: 10 мамырға дейін

* Онлайн оқыту: 10–25 мамыр

* Офлайн сессиялар: маусым–шілде айлары

* Салтанатты жабылу рәсімі: тамыз айы.

90
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!