Otpan News Logo

Маңғыстауда автомобиль жолдарының 97,5%-ы жақсы жағдайда

|
07.05.2026 11:30
Маңғыстауда автомобиль жолдарының 97,5%-ы жақсы жағдайда
gov.kz

Маңғыстауда автомобиль жолдарының 97,5%-ы жақсы жағдайда. Бұл - республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 491 шақырымды құрайтын 43 автожолдың құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 24 жоба - орташа жөндеу, 9-ы - жаңа құрылыс, 10 учаске – реконструкция жұмыстары. Өткен жылы ұзындығы 259 шақырым болатын 14 жоба сәтті іске асты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Автожолдардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында «Ақтау – әуежай» және «Ақтау – Баянды» бағыттарында жүк көліктерінің салмағы мен габариттерін өлшейтін автоматтандырылған станциялар орнатылды. Жыл соңына дейін «ҚазАвтоЖол» ҰК есебінен мұндай станциялар Сайөтес пен Шетпе жолдарына да қойылатын болады.


Сонымен қатар, «Маңғыстау – Бейнеу» және «Маңғыстау – Өзен» теміржол учаскелерін реконструкциялау жұмыстары басталды. Бұл өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Реконструктурадан кейін Бейнеу бағытында: тәулігіне 13-тен 18 пойызға дейін, Өзен бағытында: 7-ден 19 жүк пойызына дейін өте алады.


Бүгінгі таңда жаңартылған қоғамдық көліктердің үлесі 90%-ды құрайды. Соңғы 5 жылда 372 жаңа автобус сатып алынды (оның ішінде 2025 жылы - 96 автобус). Өткен жылы Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларына облысаралық бағыттар, сондай-ақ аудан орталықтарын ауылдық елді мекендермен (Түпқараған, Қарақия және Маңғыстау) байланыстыратын 16 бағыт іске қосылды. 


2026 жылы қосымша 87 автобус сатып алу жоспарланған, бұл автобус паркін жаңарту деңгейін 100%-ға жеткізеді.

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!