Мұнайлыда рейд кезінде 62 келі марихуана тәркіленді

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы өңір прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру және тінту шараларын өткізді. Рейдтер “Қарасора – 2025” және “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында “Бүркіт” арнайы жасағы мен Кира атты қызметтік иттің көмегімен жүргізілді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Операция барысында Мұнайлы ауданының “Оңтүстік” бау-бақша серіктестігі аумағында есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз сақтады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды.
«Тінту кезінде гараждар мен көліктерден 62 келіден астам марихуана, атыс қарулары, байланыс және бақылау құралдары, сондай-ақ 32 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша тәркіленді. Күдіктілердің бірі тергеу органдарының шешімімен уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп жазылған ІІМ хабарламасында.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір қажетті жедел және тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
29

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев