Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтаулық шахматшы әлем чемпионы атанды

|
17.10.2025 09:15
Ақтаулық шахматшы әлем чемпионы атанды
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, ақтаулық жас гроссмейстер Эдгар Мамедов Албанияда өткен 16 жасқа дейінгі юниорлар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Қазақпараттың жазуынша, Албанияда 4-15 қазан күндері өткен әлем чемпионатында U14, U16 және U18 санаттарындағы жасөспірімдер бақ сынаған. Эдгар Мамедов осы жарыста U16 санатында алтын медальге ие болып, әлем чемпионы атанды. Айта кетейік, Эдгар ойнаған категорияда 143 шахматшы ойнаған.

 

«Дебют» шахмат мектебінің директоры Анвар Шайхымовтың айтуынша, бұл жыл Эдгар үшін ерекше жарқын болды. Ол Қазақстан тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды.

 

«11 турдың қорытындысы бойынша Эдгар 8 ұпай жинады (5 жеңіс, 6 тең ойын және бірде-бір жеңіліс жоқ) және алғаш рет өзінің спорттық мансабында әлем чемпионы атанды. Өткен жылы Бразилияда Эдгар 14 жасқа дейінгі санатта күміс медаль жеңіп алған. Енді міне алтын алды», - дейді Анвар Шайхымов

 

Сонымен қатар, U14 санатында ФМ Марк Смирнов екі мәрте әлем чемпионы атанып, U16 санатында Сауат Нұрғалиев күміс медаль жеңіп алған.

 

«Бұл - Қазақстан шахмат мектебінің мықтылығын, бапкерлердің еңбегін және жас спортшылардың табандылығын дәлелдейтін тарихи жетістік. Біз өз чемпиондарымызбен шексіз мақтанамыз», - дейді «Дебют» шахмат мектебінің директоры Анвар Шайхымов.

 

77
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!