Otpan News Logo

Бекбол Орынбасаров «МАЭК» кәсіпорнының жұмысымен танысты

|
07.11.2026 17:12
Бекбол Орынбасаров «МАЭК» кәсіпорнының жұмысымен танысты

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров «МАЭК» кәсіпорнына жұмыс сапарымен барып, кәсіпорынның өндірістік қызметімен танысты.


Жұмыс сапары барысында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы, өндірістік нысандардағы жөндеу жұмыстары және энергетикалық жабдықтардың техникалық жай-күйі талқыланды.


Сонымен қатар, сумен жабдықтау жүйесінің жұмысы, инфрақұрылымды жаңғырту және кәсіпорынның өндірістік қуаттарын дамыту перспективаларына назар аударылды.


Кездесу барысында кәсіпорынның қазіргі тыныс-тіршілігі мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары қаралды.

30
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!