Ақтауда жолдағы жаңбыр суын тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
OTPANNEWS.KZ. - Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров пен Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш жауапты сала басшыларымен бірге қала аумағындағы жаңбыр суы жиналған орындарды аралап, жағдаймен танысты. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жұмыс сапары барысында 17 және 18а шағын аудан аралығындағы орталық жолдың жәй-күйі қаралды. Жауапты тұлғаларға жаңбыр суын сору жұмыстарын күшейтіп, жедел әрі сапалы жүргізу тапсырылды.
Аралау барысында 31-шағын ауданда орналасқан «Хазар базары» аумағы назарға алынды. Қазіргі уақытта мұнда Төтенше жағдайлар департаментінің 2 арнайы техникасы мен 2 мотопомпасы жұмылдырылған. Су сору жұмыстарына 7 адам тартылған.
Айта кетейік, қала аумағында жаңбыр суын сору жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда.