Мұнайлы ауданында мәдениет және тіл саласы бойынша 2026 жылдың І тоқсан қорытындысы шығарылды
Мұнайлы ауданында 2026 жылдың І тоқсаны қорытындысы бойынша мәдениет және тіл саласында бірқатар маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, Басқұдық ауылдық округінде мектеп оқушыларына арналған «Нысана» тир ату және «Домбыра дастан» үйірмелері ашылып, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және олардың шығармашылық әрі спорттық қабілеттерін дамытуға жағдай жасалды.
Сонымен қатар, республикалық «Batys Fest» хореографиялық өнер фестивалінде Мұнайлы ауданының «Шалқыма» би ансамблі жоғары өнер көрсетіп, жүлделі орынға ие болды. Бұл – аудан өнерпаздарының кәсіби деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.
Бұдан бөлек, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін ұлықтау мақсатында аудан аумағында бірқатар көшелерге атау берілді. Атап айтқанда, Маңғыстау ауылындағы «Шеркала» тұрғын массивінде Құтыш Манатовтың және Баянды ауылында Абдулла Утаевтың есімдері көшелерге берілді.
Жалпы, мәдениет және тіл саласында атқарылған жұмыстар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге және өңірдің рухани дамуына оң ықпал етуде.