Otpan News Logo

Қазақстанда демікпесі бар пациенттерге тегін ингаляторлар беріледі

|
05.05.2026 16:32
Қазақстанда демікпесі бар пациенттерге тегін ингаляторлар беріледі
ДСМ

Қазақстанда бронх демікпесімен ауыратын пациенттер кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында ингаляторларды тегін ала алады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты kazinform-ға сілтеме жасап.


Елімізде бронх демікпесін анықтау көрсеткішінің өскені байқалады: 2017 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 73,4 жағдай тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш шамамен 102 жағдайға жеткен. Бұл оң өзгеріс диагностиканың жақсаруымен және медициналық көмектің қолжетімділігімен байланысты.


5 мамыр – Дүниежүзілік демікпемен күрес күні. Бұл күн дертті ерте анықтаудың және тұрақты емделудің маңыздылығын тағы бір мәрте еске салады.

38
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!