“Әскери қызметші болуды қалап, Жас Ұлан мектебіне оқуға түстім”
Ақтаудағы теңіз-жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонының командирі, майор Мұрат Ибрагимов бала күнінен әскери қызметші болуды қалаған. Ол 2005 жылы Астанадағы Генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебіне оқуға түсіп, 2016 жылы 32363 әскери бөлімінде қызметін бастады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
“Құрлық әскерлерінің әскери институтын тәмамдап, бұрынғы Қапшағай қаласындағы 32362 әскери бөлімінде, даңқты 35-гвардиялық десанттық шабуылдау гвардиясында алғашқы қызметіме орналасып, взвод командирі болдым. Сол жақта штаб бастығы лауазымына дейін өстім. Ал 2024 жылы Қорғаныс министрінің І орынбасарының бұйрығымен Әскери теңіз күштеріне батальон командирі болып тағайындалдым”,- деді Мұрат Маратұлы.
Мұрат Ибрагимов болашақта ұлының әке ізін жалғап, әскери қызметші болғанын қалайды. Бірақ таңдау еркін балама беремін дейтін әке уақытының көп бөлігі жұмыста өтетінін айтты.
“Әскери қызметтің бір қиындығы – отбасыңмен жиі уақыт өткізе алмауың. Ұлымның да осы салада қызмет еткенін қалаймын. Бұл – әр әкенің арманы ғой. Бірақ кім боламын десе де – өзі біледі”,- дейді ботальон командирі Мұрат Ибрагимов.
48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев