Otpan News Logo

Мұнайлы ауданында көлік саласы бойынша 2026 жылдың І тоқсан қорытындысы

|
05.05.2026 16:36
Мұнайлы ауданында көлік саласы бойынша 2026 жылдың І тоқсан қорытындысы

Мұнайлы ауданында 2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша көлік инфрақұрылымын дамыту және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды.


Атап айтқанда, «Қарағанды – Маңғыстау» бағыты бойынша жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды. Аталған бағыттағы тасымалдаушы – «Ulytau Express» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жаңа теміржол қатынасының іске қосылуы өңіраралық байланысты нығайтып, тұрғындардың жол жүру қолайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар, «Маңғыстау – Баянды – Маңғыстау» бағыты бойынша қоғамдық көлік маршруты толық жаңартылды. Маршрут заманауи 5 дана «Yutong» маркалы автобустармен қамтамасыз етіліп, жаңарту деңгейі 100 пайызды құрады. Бұл өз кезегінде жолаушыларға қауіпсіз әрі сапалы қызмет көрсетуге жағдай жасайды.

60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!