Мұнайлы ауданында білім саласы бойынша 2026 жылдың І тоқсан қорытындысы
Мұнайлы ауданында 2026 жылдың І тоқсаны қорытындысы бойынша білім беру саласында бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізілді.
Атап айтқанда, JUZ40 EdTech компаниясы ұйымдастырған республикалық олимпиадаға еліміз бойынша 10 мыңнан астам оқушы қатысып, жоғары бәсекелестік қалыптасты. Аталған білім додасында Мұнайлы ауданы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Темірханова Айгерім үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі I орынды иеленді. Нәтижесінде ол 1 000 000 теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды.
Сонымен қатар, республикалық педагогикалық хакатонға Мұнайлы ауданының “OZYQ” командасы қатысып, кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде дәлелдеп, жүлделі II орынға ие болды. Бұл нәтиже аудан педагогтарының біліктілігі мен заманауи білім беру үрдістеріне бейімділігін көрсетеді.