«ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтерді тапсыру науқаны
Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы ақпараттық жүйелердің техникалық үйлеспеушілігі және жүйе жұмысында анықталған қателер туралы тиісті акт негізінде «ҮЕҰ дерекқорына» мәліметтерді қабылдау мерзімі 2026 жылғы 15 мамырға дейін ұзартылғанын хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін өз қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ дерекқорына» ұсынуға міндетті.
Алайда, Esep.govtec.kz платформасында ақпараттық жүйелердің үйлеспеушілігіне байланысты туындаған техникалық мәселелер салдарынан «ҮЕҰ дерекқорына» мәліметтерді қабылдау үзілістермен жүзеге асырылды.
Мәліметтер «Еsep.govtec.kz/npo» цифрлық платформасы арқылы қабылданады және белгіленген Қағидаларға сәйкес ұсынылады.
Мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы әрі дұрыс ұсынбау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады.
Сұрақтар пайда болған жағдайда, облыстың қала-аудандарындағы ішкі саясат бөлімдерінің, сондай-ақ ҚР МАМ және «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК-ның қызметкерлерімен келесі мәліметтер арқылы байланыса аласыз:
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитеті, тел: 74-04-28, 74-04-20.
Техникалық қолдау «ЦҮҚО» ШЖҚ РМК - center@govtec.kz.