Otpan News Logo

“Жыл өткен сайын әскери қызметші болғысы келетіндер артып келеді”

|
05.05.2026 09:24
“Жыл өткен сайын әскери қызметші болғысы келетіндер артып келеді”

Алматы облысы, Жамбыл ауданының тумасы Олжас Сүлеймен бүгінде Маңғыстаудағы десанттық шабуылдау батальонында минометтік батареяның 3-сыныпты сержанты болып қызмет атқарып жүр. Матростар мен сержанттардың жеке құрамының жауынгерлік әзірлігіне жауапты Олжас осы салада қызмет ететінімен мақтанады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Бала күнінен әскери формаға қызығып, шыныққан денені армандаған Олжас мектепті аяқтағасын бірден Щучинск қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы кадет корпусына оқуға түскен. 


“Щучинск қаласындағы кадет корпусында кәсіпқой сержанттарды әзірлейді. Оқуымды 2019 жылы бітіріп, Ақтаудағы теңіз-жаяу әскер бригадасына түстім. 4 жыл қызметтік міндет атқарып, қазіргі десанттық шабуылдау ботальонына ауыстым”,- дейді Олжас Сүлеймен. 


Оның айтуынша, бүгінде әскери салада қызмет еткісі келетін жігіттердің саны артып келеді. Соңғы жылдың өзінде 8 сарбаз мерзімді қызметкер болуға келісіп, бүгінде ботальонда жұмыс істейді. 


“Әскерге бару – үлкен мақтаныш әрі ерлік. Мықты денсаулық, Отанға деген сүйіспеншілік пен жауынгерлік дайындық әскерде тоғысады”,- дейді Десанттық шабуылдау батальоны минометтік батарея сержанты 3-сыныпты сержанты Сулеймен Олжас.
49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!