Otpan News Logo

Маңғыстауда ерекше балаларға кәсіп таңдауда қолдау күшейтіліп жатыр

Маңғыстауда ерекше балаларға кәсіп таңдауда қолдау күшейтіліп жатыр

Маңғыстау облысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға кәсіби бағдар беру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Осы бағытта «Қабілетке қарай бағыт: ерекше балаларға кәсіп таңдаудың тиімді жолдары» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Кездесуге ата-аналар, білім беру ұйымдарының өкілдері, колледж директорлары, педагог-психологтар және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары қатысты. 


Маңғыстау облыстық мәслихатының тұрақты комиссия төрағасы Пания Сармурзинаның айтуынша, өңірде ерекше балаларды қолдау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Биыл облыс бойынша 9 және 11-сыныпты тәмамдайтын ерекше білім беруді қажет ететін түлектер саны шамамен 130-ға жуық.


«Кедергісіз келешек» мемлекеттік бағдарламасы ерекше балалардың кәсіптік білім алуына кең мүмкіндік береді. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатыр. Қазіргі таңда өңірде 89 ерекше бала колледждерде білім алып жатыр. Әрқайсысының болашақ мамандығын дұрыс таңдауы, оқу орнын айқындауы, тәжірибеден өтуі және кейін жұмысқа орналасуына дейінгі барлық кезең жіті бақылауда. Жалпы, өңірдегі барлық колледж ерекше балаларды қабылдап, сапалы білім беруге дайын», – деді Пания Сармурзина.


Жиын барысында ата-аналар балалардың білім алу мүмкіндіктері, мамандық таңдау және кейін жұмысқа орналасу мәселелерін көтерді. 


Ал мамандардың айтуынша, ерекше балаларға білім алу үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті жағдай жасалған және оқу тегін.


Сонымен қатар балалардың денсаулық жағдайы арнайы медициналық комиссия қорытындысы негізінде ескеріліп, олардың игере алатын мамандықтары анықталады. Бұдан кейін оқу, өндірістік тәжірибе және жұмысқа орналасу кезеңдері нақты жоспар бойынша жүзеге асырылады.

46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!