Мұнайлы ауданында дүкеннен заңсыз айналымдағы жөргектер тәркіленді
OTPANNEWS.KZ. – Мұнайлы ауданының өнеркәсіптік аймағында орналасқан сауда нысандарының бірінде «Мама знает» таңбасымен сатылған 282 өнім тәркіленді. Полиция тауар белгісін заңсыз пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тексеруге осы тауар белгісінің иесі өкілінің шағымы себеп болған. Ол өңірде бренд өнімдері заңсыз сатылып жатуы мүмкін екенін хабарлаған.
Қазіргі уақытта тәркіленген өнімдердің шығу тегі, оларды жеткізу, сақтау және сату арналары, сондай-ақ заңсыз айналымға қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 222-бабының 1-бөлігімен іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр, - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция кәсіпкерлерге тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салды. Сондай-ақ өнімдерді ресми жеткізушілерден сатып алуға шақырды.
75
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев