Ақтауда ер адамның сөмкесінен бір келі қара уылдырық табылды
OTPANNEWS.KZ. – Ақтауда 39 жастағы ер адамның сөмкесінен жалпы салмағы бір келіге жуық қара уылдырық табылды. Полиция өнімді тәркілеп, қылмыстық іс қозғады.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам 21 қазанда «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде ұсталған. Тексеру барысында оның сөмкесінен қара уылдырық салынған екі пластик ыдыс табылған.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігімен іс қозғалды. Қазір уылдырықтың қайдан алынғаны және оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр, - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарларды, олардың бөліктері мен туындыларын заңсыз сақтау, тасымалдау және сату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
64
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев